Әлемдегі ғылым

Отандық ғалым әлемдегі жетекші ғылыми журналда

09.03.2023

1158



ҚР ҰҒА академигі Ратбай Мырзақұлов математика саласы бойынша әлемдегі жетекші «Partial Differential Equations in Applied Mathematics»  ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі болып сайланды. https://www.sciencedirect.com/journal/partial-differential-equations-in-applied-mathematics/about/editorial-board?fbclid=IwAR3b0NiTMUZoHlAPsu1rXoQi3F6XzSzsE8uOqBAHEJcrgosKWhUI9_-6UNA
 
Ратбай Қағазұлы ғылыми еңбектеріне Орталық Азия және Қазақстан бойынша ең көп сілтеме жасалатын ғалымның бірі. Сондай-ақ, америкалық және еуропалық ғылыми журналдарда 150 мақаласы жарияланған. 

Физика-математика ғылымдарының докторы «Еуразиялық Халықаралық теориялық физика орталығы» ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушы және директоры, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ Жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі. 

Профессор Рәтбай Мырзақұловтың елімізде және алыс шетелдердің ғылыми орталарында «Мырзақұлов теңдеулері» деп кеңінен аталып кеткен интегралданатын сызықты емес теңдеулер туралы бірқатар жаңалықтарды әлемге ұсынғаны белгілі. Ғалымның өмірбаянында көптеген маңызды жетістіктер мен жаңалықтар жетерлік. Дегенмен, академик «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та өткен ғылыми тағылымдамасын маңызды санайды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар