Әлемдегі ғылым

Жер мантиясынан бұған дейін белгісіз болған қабат табылды

07.02.2023

976



Техастың геологтары 150 шақырым тереңдіктен жер мантиясының жаңа қабатын тапты. 

Жердің құрылымында жер қыртысы, мантиясы және ядросына бөліп қарау әдетке айналған. Жер қыртысы қатты литосфералық немесе тектоникалық плиталардан тұрады. Олардың астында жартылай сұйық мантия орналасқан. Планетаның ортасында орналасқан балқытылған металл өзегі магнит өрісін тудырады. Литосфералық тақталар мантия бетімен жылжып, бір-бірімен соқтығысып, жаңа материктер мен тау жоталарын құрайды. Пластиналардың соқтығысуы жер сілкінісінің негізгі себебі болып табылады. 

Литосфералық тақталардың қозғалысы табиғатында маңызды рөлді астеносфера деп аталатын қабат атқарады. Ол 100-120 км тереңдікте орналасқан және жер қыртысына тікелей іргелес жатқан мантия қабаты. Астеносфераның икемділігі көрші қабаттарға қарағанда жоғары. Астеносфераның рөлі туралы пікірлер әлі күнге дейін әртүрлі. Өйткені ол жайында ақпарат өте аз. Ол қабаттың тау жыныстары ішінара немесе толығымен балқыған ба, әлде олардың температурасы мен қысымы қандай екені белгісіз.  

Жақында анықталған қабат 716 сейсмикалық станцияның мәліметтерін талдағаннан кейін табылған. Бұл жаңалық тектоникалық плиталардың қозғалу механизмдерін, демек, жер сілкінісінің себептерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді деп отыр ғалымдар. 

Материал https://involta.media/post/v-mantii-zemli-otkryt-ranee-neizvestnyy-sloy бойынша дайындалды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар