Әлемдегі ғылым

Ғылым мен білім саласындағы қыз-келіншектердің үлесі

05.03.2022

2334

Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында отандық ғылым саласында қызмет істеп жүрген нәзік жандылар туралы анықтама жасалып, онда олардың санының басым екені көрсетілген. Мысалы, барлық ғылыммен айналысатын ғалымдардың 54%-ын әйелдер құрайды екен. Қазіргі таңда жоғары оқу орынан кейінгі магистратура, докторантурада оқитындар да көбінесе қыз-келіншектер. Докторантурада оқитын студенттер арасында диссертацияны қорғап шығатындар тағы да қыздар. Оған дәлел ретінде жүргізілген зерттеуде көрсетілген санға жүгінер болсақ, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар екен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов нақты сандарды келтіре отырып, жазады.

Сол сияқты еліміздегі мұғалімдердің басым бөлігі де әйелдер. Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық, делінген министрдің жазбасында.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының пікірінше, әйел адамдар ерлерге қарағанда өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.
Министр қыздардың оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шыққанын тілге тиек етеді. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.

Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.

Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:
1. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
2. Өнер және гуманитарлық ғылымдар - 71%;
3. Педагогикалық ғылымдар - 70%;
4. Жаратылыстану, математика және статистика - 68%.

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді: 1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;
2. Бизнес, менеджмент және құқық - 48%.

Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:
1. Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;
2. АКТ - 30%;
3. Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар