Әлемдегі ғылым

Студент өкпе рентгенін талдау бағдарламасын жасады

25.02.2022

2546

Қарағанды техникалық университетінің магистранты Марғұлан Нұртай медицина қызметкерлеріне арнайы бағдарлама жасапты. Ол өкпенің рентгендік суреттерін автоматты түрде талдауға және сұрыптауға мүмкіндік береді.

Марғұлан Нұртай жасанды интеллект арқылы өкпе ауруларын диагностикалау заңдылықтарын зерттеген.

«Әр суретте белгі бар: біріншісі – атипиялық пнвмония, екіншісі – типтік пневмония, үшіншісі – пневмонияның анықталмаған түрі, төртінші – сау өкпе. Оңтайландыруды және градиентті түсіруді (кері таралу) қолдана отырып, мен нейрондық желіні кескіндерді талдауға үйреттім. Нәтижесінде өзімнің классификаторымды белгілі аурулардың төрт класына орната алдым», – дейді Марғұлан.

Үйірткілі нейрондық желілер компьютерлік көру саласындағы алға бастайтын инновациялардың бірі болып табылады. Өкпенің кәдігімгі суреті сандық матрицаға бөлінеді, содан кейін әртүрлі цифрлық стандарттармен салыстырылады. Жүктелген сурет қай стандартқа көбірек ұқсайтынын бағдарлама өзі анықтайды. Сонымен қатар, проблемалық аймақтар түрлі түстермен боялған. Бұл аурудың белгілі бір аумаққа таралғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бір-екі сәтте бағдарлама суретті талдап, адамның өкпесі сау ма, жоқ па деген қорытынды жасай алады.

Жабдықты орнатуға бір айға жуық уақыт жұмсалған. Тағы бір жыл теориялық материалды оқып, бағдарлама жасауға кеткен. Марғұлан Нұртай бұл әзірлемені өндіріске енгізу дәрігерлерге түсетін салмақты айтарлықтай азайтады деп сендіреді. Денсаулығында күдігі бар деген науқастардың өкпе суреттерін талдауға септессе, дені сау адамдардың суреттерін дәрігерсіз-ақ автоматты түрде өңдеуге болады дейді.

Материал https://www.inform.kz/ru/oblegchayuschuyu-rasshifrovku-rentgena-legkih-programmu-razrabotal-karagandinskiy-student_a3903726 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар