
Сурет https://www.facebook.com/zhubanov.university-нен алынды
Отандық химик көзге арналған дәріні пленка түрінде жасады. Яғни, әдеттегідей көзге тамызып емес, полимерлі пленка көздің төменгі қабатының астына салынады. Ол біртіндеп еріп, ұзақ уақытта тиісті қажеттілігін арттырады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің PhD докторы Гузель Абиловаға дәл осы пленканы жасау үшін бірнеше жылдық зерттеулер қажет болған. Өзінің айтуынша, 2016 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторантурасында оқып жүрген кезден бастап, биополимерлі пленка түріндегі дәрілерге қызығушылығы артқан. Препараттың бұл түрі көз, мұрын, ауыздың шырышты қабатына салу арқылы қолданылады. Ол дәрінің ағзаға толық сіңірілуіне септеседі. Өйткені патологиялық аймаққа тікелей қолданылады. Көз ауруларына тамызу арқылы қолданылатын препараттардың басым бөлігі болса көбіне жаспен бірге сыртқа шығып кетеді. Оның үстіне оның емдік қасиеті де аз мерзімге ғана жетеді. Сол себепті Гузель Абилова шығыны аз, пайдасы көп пленка түріндегі дәріні жасауды қолға алыпты.
Ғалым тәжірибе барысында бұл препараттың оң нәтиже бергенін алға тартты.
Аталған дәрі елімізде жоқ, ұқсас түрін тіпті дамыған елдердің өзінен кездестіру қиын екен.
Отандық өнімнің айырмашылығы – құрамында, яғни геллан және полиоксазолин қоспалары негізінде жасалған. Ципрофлоксацин мен әсері мол антибиотиктен жасалған дәрілік пленкалар бактериялық көз ауруларын емдеуге пайдалы. Бұл препараттың зерттеу нәтижелері ғылыми мақала ретінде бірінші квартильге кіретін рейтингісі жоғары European Polymer Journal халықаралық журналында жарияланған.
Материал https://egemen.kz/article/304807-koz-auruyn-emdeudinh-dgenhil-dgoly деректері бойынша дайындалды.