Қазақстан нарығында сұранысқа ие болатын ылғалдылық датчигінің аса сезімтал элементі жасалынуда
Сурет https://bilimdinews.kz сайтынан алынды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары Қазақстан нарығында сұранысқа ие болатын ылғалдылық датчигінің аса сезімтал элементін жасауда.
Ғалымдар іргелі зерттеулер мен ылғалдылық датчигінің сезімтал элементі ретінде бастапқы материалды қосу процесі импортты алмастыру мәселесін де шеше алады деп отыр. Яғни, белсендірілген көміртегінен алынған графен тотығы мембранасының негізінде ылғалдылықты өлшеуге арналған сезімтал датчик жасалады.
Жоба жетекшісі Тілек Қуанышбековтің айтуынша, ылғалдылық датчигіне арналған сезімтал элемент ретінде олардың зерттелген бастапқы материалы ұзақ уақытқа жарайды және пайдалануға ыңғайлы әрі жасалуы оңай.
Ғалымның түсіндіруінше, әдетте ылғалдылық басқа материалдармен салыстырғанда нөлден 100-ге дейін немесе бестен 100 пайызға дейін анықталады. Ылғалдылықты 50-80 пайызға дейін тексеретін датчиктер де бар көрінеді. Бірақ, Қазақстанда датчикке сезімтал элемент ретінде бастапқы материал өндірілмейді, тек сатып алынады. Сондықтан, жоба жетекшісі болашақта өнімді коммерцияландыру мәселесін де жоспарлауда. Себебі, ол шетелдік датчиктерден қалыспайды, қолжетімді.
Материал https://bilimdinews.kz/?p=188979 деректері бойынша дайындалды.