Әлемдегі ғылым

«Альфа Сат» наноспутнигі жасалды

21.01.2022

2555

Қазіргі таңда адамды таң қалдыру мүмкін емес. Себебі, технология күннен күнге дамып, ғалымдар тың жаңалықтарымен бөлісуде. Бұл жерде отандық ғалымдарымыздың еңбектерін айта кеткіміз келеді. Әсіресе жоғары оқу орындары жанынан құрылған зертханалардың жаңалықтарын біреу білсе, біреу білмес.

Мысалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғарыштық технологиялар зертханасы наноспутник жасаумен айналысады. Тіпті бұл жұмысын 2013 жылдан бері қолға алған.

Бүгінде осы ЖОО оқытушылары мен студенттерінен құралған топ «Альфа Сат» наноспутнигін әзірлеген. Бұған дейін елімізде алғаш рет кіші ғарыш аппараттары арқылы «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» наноспутниктерін ғарышқа ұшырғаны тағы бар. Университет ғалымдары «Альфа Сат» көмегімен ғарышқа нано жер серіктерін ұшыруға болады деп отыр. Инжиниринг және жоғары технологиялар класстерінің бас директоры Әмірхан Темірбаев «Альфа Сат» платформасының инженерлік моделінің дайын екенін, ендігі кезеңде оны сынақтан өткізу қажеттігін айтады.

Жалпы әлемде 60 шақты мемлекет өзінің наноспутниктерін ғарышқа ұшырған. Олардың қатарында Қазақстан, яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да бар.

Материал https://www.youtube.com/watch?v=TPFbtith3Lo деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар