Қазақстан ғылымы

XVII – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогы жасалмақшы

05.04.2023

756



Сурет https:vechastana.kz сайтынан алынды.    

XVII – XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогын дайындау бойынша кешенді ғылыми пәнаралық зерттеулер Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Г.Н. Ксенжиктің жетекшілігімен жүргізіледі. 

Түрлі дереккөздерде қамтылған картографиялық материал өткенді көрнекі және тиімді зерттеудің маңызды элементі болып табылады. 

Зерттеу тобының маңызды шарты соңғы ақпараттық технологиялар талаптарына сәйкес ауқымды картографиялық материалды жүйелеу әдістемесін жасау болды. 

Жиынтық каталогты құру жұмыстарын бастамас бұрын Қазақстан тарихы бойынша әр түрлі шетелдік мұрағаттарда, мұражайларда, кітапханаларда жақын, алыс шетелдердің кітапханаларында сақтаулы тұрған картографиялық материалдарды іздеу мен анықтаудың қарқынды кезеңі өтті. Көптеген қорлар жабық ұйымдарға жататын болғандықтан, табылған материалдарды сканерлеуде біраз қиындықтар туындаған. 

Соған қарамастан ҚазҰАЗУ ғалымдары зерттеудің бірінші жылының қорытындысы бойынша жиынтық каталогтың базасына XVII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына қатысты 282 картографиялық материалды енгізді. 

XVII – XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогын ғылыми айналымға енгізу Қазақстан тарихын зерттеушілеріне белгілі бір құбылыстың тарихи даму процесін көрнекі түрде қадағалап, қазақ халқының этникалық, әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихының күрделі мәселелерінің дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді. 

АР09259247  «XVII – XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогын дайындау» ғылыми жобасы

Ғылыми жетекшісі: Галина Николаевна Ксенжик, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасының доценті.

Материал https://www.kaznaru.edu.kz деректері бойынша дайындалды.  
«« | »»
Соңғы жаңалықтар