Қазақстан ғылымы

Ғалымдар 1532 жылы жазылған, адам терісімен түптелген кітапты зерттеуде

03.04.2023

750



Сурет https://www.aa.com.tr/ru сайтынан алынды. 

Мамандар Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың сирек басылымдар мұражайында қойылған қолжазбаның адам терісімен қапталғанын айтады. Ол көне латын тілінде жазылған, 330 беттен тұрады. Бізге беймәлім жазбалар солтүстік итальяндық нотариус Петрус Пуардусқа тиесілі көрінеді.  

Әзірге құпия қолжазбаның 10 беті ғана цифрланған. Қалған беттері жұмбақ болып отыр, дейді Ұлттық академиялық кітапхана ғылым бөлімінің сарапшысы Мөлдір Төлепбай. Сарапшының айтуынша, кітапханаға бұл тарихи қолжазбаны 2014 жылы жеке коллекционер тапсырған.  

Кітап көп ғасырлар бойғы антроподермикалық әдіспен түптелген. Отандық ғалымдар қолжазбаның мұқабасын Ұлттық медицина ғылымдары орталығының зертханасында сараптамадан өткізген. Зерттеу нәтижелері бойынша, адамның арқа терісі пайдаланылған деген қорытынды жасалды.  
Жалпы оқылған беттерде кіріс және шығыс төлемдері, несиелер мен ипотекалық төлемдер туралы ақпараттар келтірілген. Тіпті қолжазбаға француз ғалымдары да қызығушылық танытып, алғашқы беттерін жазып алған, деп жазады https://www.aa.com.tr/ru.   

Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасының қорында бүгінде 13 мыңға дейін сирек кездесетін кітап сақтаулы. 


«« | »»
Соңғы жаңалықтар