Қазақстан ғылымы

Карбон шаруашылығын енгізу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілмек

29.03.2023

877



Сарапшы мамандар Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы жаңа сала – карбон шаруашылығын дамыту керек деп санайды.  Ол пайдаланылмай жатқан жерлерді дұрыс игеруге көмектеседі. Мамандардың айтуынша, еліміздің карбон шаруашылығының әлеуеті зор болғандықтан, бұл тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, қаржылық жағынан да тиімді болмақ. 

Карбон шаруашылығының мәні сол, ол көмірқышқыл газының қалдықтарын азайтуға көмектеседі. Яғни, атмосферадан өсімдіктер мен топыраққа көміртекті тасымалдайды. Тіпті бұл саланың дамуы жаһандық жылынуға қарсы тұруға бағытталған, деп отыор ғалымдар. Мамандардың айтуынша, көміртекті сіңіретін әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын цифрландыру арқылы тауарды саудаға шығаруға болады. Қазақстанда жалпы ауданы 220 миллион гектардан астам жерге тең ауыл шаруашылығы алқаптарының тек 20% пайдаланылады екен. 

Бірақ ескеретін маңызды мәселе – көміртекті адамзат атмосфераға шығарғаннан гөрі көбірек сіңіру керек. Ал ауыл шаруашылығы саласы осы процестің катализаторларының біріне айналуы тиіс. Қазір карбон шаруашылығы АҚШ пен Еуропада біртіндеп қабылдануда. Қазақстан болашақта бүкіл Еуразияда осы саланың орталығы бола алады. 

«Қостанай жаңалықтары» газетінің жазуынша, Қостанай облысы көміртегі шаруашылығын енгізу тетіктерін зерттеу мен әзірлеудің өзіндік алаңына айналады. Жазда бельгиялық ғалымдар бұл өңірдегі жаңа бағытты зерттемек. 

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы қостанайлық диқандардың көміртегі шаруашылығын пайдалану мүмкіндігі мәселесін зерттеуге кірісті, деп жазады inbusiness.kz порталы. Бельгия университетінде ғылым мен технологиядағы ұзақ мерзімді байланыстарды дамытатын ғылыми жобаның бөлігі ретінде фокус-топтық пікірталас жүргізілуде. Өңірде жүргізілетін зерттеулер әлеуетті инвесторлар үшін бизнес-жоспардың негізін қаламақ. 
«Бұл Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салуға бағытталған еуропалық жоба. Қостанай облысы пилоттық аймақ ретінде таңдалды, онда барлығын егжей-тегжейлі және мүмкіндігінше зерттеп, механизмдер мен технологияларды қалай қалыптастыру керектігін түсінуге болады», – дейді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының социологиялық қызметінің жетекшісі Евгений Хан. 

Материал https://apk-news.kz/ деректері бойынша дайындалды. 


«« | »»
Соңғы жаңалықтар