Қазақстан ғылымы

Бараев орталығы дәнді-дақылдардың жаңа төрт түрін алды

10.01.2023

1012



Әрбір ғылыми-зерттеу ұйымдары бір жыл бойы атқарылған еңбектерін саралап, жеткен жетістіктеріне баға беруде. Солардың бірі А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығы 2022 жылы дәнді-дақылдардың төрт жаңа сортын жасап шығарған. Жаңа сорттар Мемлекеттік сорт сынауында. 

Ғалымдар былтыр арпа, асбұршақ, рапс және бидай тұқымын жаңартқан. Бұдан бөлек бір жыл ішінде 8 патенттік өтінім беріп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 11 лицензиялық келісім жасаған.  

Орталық мәліметіне сүйенсек, ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында No-Till жүйесі мен топырақты минималды өңдеу жүйелерін қолданудың тиімділігі көрсетілген. Зерттеулер Ақмола облысының шаруа қожалықтарының егіс алқаптарында жүргізілген. Жалпы бұл орталықтың зерттеу алаңы 2,5 мың гектардан асады екен. 

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының ғалымдары жыл сайын жарияланатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жобаларды гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының селекциясы бойынша жеті ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыруда. 

Материал https://apk-news.kz/news/item-1289?_utl_t=fb&fbclid=IwAR2F4m82_U1OPIJsa-QYjOLfE4lFupUaQhaerVcDZ7aszSRIitrw2CgC-kM  деректері бойынша дайындалды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар