Қазақстан ғылымы

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ОРНЫ

10.11.2022

1217

Қазақстан ғылымы (ҒЗТКЖ және ҒҒТҚН) 2021 жылдың қорытындысы бойынша планета ғылымында қандай орында тұр?

Осы орындарды 2020-2021 жылдар бойынша азаю тәртібінде атап көрсетейік:

36-орын – Технологиялық тұрғыдан ең дамыған елдер рейтингі бойынша,
59-орын – Инновациялық экономикалар рейтингі бойынша,
68-орын – Scimago нұсқасына сәйкес жарияланымдар рейтингі бойынша,
83-орын – Жаһандық Инновациялар Индексі бойынша,
103-орын – Хирш елдер индексі бойынша,
125-орын – ҒЗТКЖ шығындары рейтингі бойынша,
145-орын – Патенттік белсенділік рейтингі бойынша.

Қазақстан технологиялар және инновациялар саласында ең жоғарғы орындарға ие. Ең төменгі орындар — ҒЗТКЖ шығындары мен патенттер саны бойынша.

Университет ғылымы саласының тағы бірнеше фактісін атап өтейік:

RankPro 2020/2021 университеттердің әлемдік кәсіби рейтингіндегі 757-орын әл-Фараби атындағы КазҰУ-не тиесілі,

Webometrics әлемдік университеттер рейтингіндегі 983-орын Назарбаев Университетіне тиесілі,

RankPro 2020/2021 университеттердің әлемдік кәсіби рейтингіндегі «Химия ғылымдары» бейіні бойынша 300-350 орын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі,

RankPro 2020/2021 университеттердің әлемдік кәсіби рейтингіндегі «Биология ғылымдары» бейіні бойынша 351-400 орын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі,

Назарбаев Университетінің үш ғалымы (Весселин Н.Паунов, Прим В. Сингх және Тассос Боунтис) «Планетаның үздік ғалымдары» тізіміне кіреді.

Сонымен, Қазақстанның университеттік ғылымы ғылымға жұмсалатын шығыстарды ұлғайту (гранттық бағдарламаларды ұлғайту мен кеңейтуді қоса алғанда) есебінен қаржылай нығайтылып, инновациялық инфрақұрылым құрылатын болса, онда Хирш индекстері бойынша және Патенттік белсенділік рейтингі бойынша Қазақстан орта мерзімді келешекте өз жайғасымдарын рейтингтік орындардың 20-30 пунктіне жақсарта алады.

Дереккөзі: https://www.facebook.com/FPIPteam

«« | »»
Соңғы жаңалықтар