Қазақстан ғылымы

Scopus Awards халықаралық сыйлығы

07.11.2022

1165

Қазақстан ғылыми қауымдастығы назарына!

Астана қаласында 2022 жылғы 15 қарашада Астана уақытымен таңертеңгі сағат 09.30-да Астана қ., Sheraton Astana Hotel мекен-жайында Scopus Awards халықаралық сыйақысымен марапаттау рәсімі өтеді.
«Эльзевир» (Elsevier) компаниясы әлемде ғылымды дамытуға белсенді ықпал ететін, ғылыми ақпарат саласындағы танымал көшбасшы. Осыған байланысты негізгі бағыттардың бірі – ғалымдарды қолдау. Компанияның басшылығы елдердің үкіметтерімен бірге көп жылдар бойы көрнекті зерттеушілер мен әлемнің жас ғалымдарын марапаттайды.
Scopus Awards халықаралық сыйлығы – ғалымдардың жетістіктерінің объективті көрсеткіші. Ұлттық ғылымға жеке автордың салымы жарияланған ғылыми мақалалар мен олардың халықаралық деңгейдегі журналдарда дәйексөздер санымен өлшенеді және субъективті бағаны жояды.
Іс-шараға тіркелу үшін 2022 жылғы 8 қарашаға дейінгі мерзімде https://forms.office.com/r/Z7vqp8G1Fe сілтеме бойынша өту қажет.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар