Қазақстан ғылымы

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ зияткерлік меншік саласындағы үздік кәсіпорын

06.10.2022

1214

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РМК Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының зияткерлік меншік саласындағы үздік кәсіпорыны болып танылды.

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» РМК жаңа заманауи вакциналар мен диагностикалық өнімдерді жасау бойынша Қазақстандағы жетекші орталық болып табылады.

240-тан астам патентпен, 12 пайдалы модельмен және 8 коммерциялық өніммен қорғалған институттың бірегей және озық әзірлемелері, соның ішінде әлемге әйгілі Covid-19-ға қарсы QazVac, кесек дерматитке қарсы Neethling-RIBSP, қой шешегіне қарсы АШҒЗИ және т.б. әлемдік қауымдастық жоғары бағалап, мойындап отыр.

2022 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық патент жүйесінің 30 жылдығына және Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада Министр Мусин Қанат Сергейұлының қатысуымен, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Күнсулу Закарьяға Швейцарияның Женева қаласындағы ДЗМҰ штаб-пәтерінен жіберілген Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Сертификаты және медалі табысталды, деп жазады өз сайтында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты баспасөз орталығы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар