Қазақстандық ғалымдар ит тұқымының бірі – тазы тұқымын зерттеуде. Оның генофондының шифрын ашу үшін екі жылдан бері еліміздегі жануарлардың ДНҚ-сы жиналуда. Бұл арқылы халықаралық кинологиялық қауымдастыққа тазыны жеке тұқым ретінде таныту басты мақсат болып отыр. Әзірге олар шығыс төбеттері тобына кіреді.
Генетика және физиология институтының ғылыми қызметкері Кира Беспалованың айтуынша, зерттеуге қатысқан әрбір жануарға арнайы паспорт беріледі. Олардың ДНҚ-сында ешқандай ақуызды кодтамайтын, бірақ қайталанатын белгілі бір бөлімдер бар екенін айтады. Яғни, бұл ерекшелік арғы ата-енесінен беріліп отырады. Осы арқылы ғалымдар иттердің бір-бірімен қаншалықты туыс екенін анықтамақшы.
Дегенмен, елімізде тазылардың саны туралы нақты деректер жоқ. Себебі, тазы ұстаушылар шалғайдағы елді-мекендерде тұрады, оның үстіне оларды тіркеу міндетті емес.
«Қансонар» қоғамдық бірлестігінің бас кинологы Инна Назаренконың түсіндіруінше, иттерді тіркеуге ешкім асықпайды. Олардың тіркеуінде тұрған жануарлар саны нақты емес. Әзірге 3000 ит тіркеліпті.
Сондай-ақ, тазы Шығыс тазылар тобының басқа өкілдерімен салыстырылады. Қазір ирандық әріптестермен қазақстандық ғалымдарға өздерінің салукилерінің ДНҚ-сын беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба 2023 жылға дейін жоспарланған.
Материал https://qazaqtv.com/ru/news/society/22704-kazakhstanskie-uchenye-issleduyut-dnk-porody-tazy деректері бойынша дайындалды.