Қазақстан ғылымы

Қазақстанның мал шаруашылығында смарт-технологиялар қолданылуда

01.07.2022

1502


Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарының жылқы өсірушілері тәжірибелік негізде Smart Horse технологиясын енгізуге кірісті.

Бұл технологияны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған техникалық тапсырмасына сәйкес С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жасаған.

Технология мал ұрлығының алдын алуға, қашықтан бақылау жүргізуге, мал басын іздестіруге және есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, болашақта осы технологияның бір бөлігі – Smart Farm арқылы жылқының денсаулығын, мал қораның жағдайын бақылап отыру мүмкіндігі де қарастырылмақ.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар