Қазақстан ғылымы

Құрамында күкірті бар жаңа препарат алынды

26.05.2022

1878

Отандық ғалымның жетекшілігімен ресейлік ғалымдармен бірлесе отырып, құрамында күкірті бар жаңа препараттар алынды. Бұл экологиялық таза препарат деп сендіреді ғалымдар. Яғни, күкірт негізіндегі жаңа өнім микробтарға қарсы тұрып, өсімдіктердің ауырмай өсуіне септеседі. Сондай-ақ, оны құрылыс материалдарына арналған гидрофобизатор ретінде де қолдануға болады.

Жоба жетекшісі химия ғылымының докторы, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, зерттеу ауқымды түрде жүргізілген. Оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми зертханаларынан бөлек, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, «ЦелСИМ» ЖШС, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты» ЖШС және «Бахус Глобал» ЖШС сияқты коммерциялық кәсіпорындар, ғылыми институттар және республикалық маңызы бар ғылыми орталықтар тартылған.

Енді еліміздегі егіншілер мен бағбандар шетелдік тыңайтқыштарға «шашылмай», отандық антифункционалды және микробқа қарсы агенттерді алмастыра алатын жаңа өнімді қолдана алады. Бұл тыңайтқыш бидай мен сояның өнімділігін арттырып, алма ағаштары, жүзімдердің де өсімтал болуын қамтамасыз етеді.

Материал https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28414/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар