Қазақстан ғылымы

Қазақстандық ғалымдар экологиялық мониторингтің «жасыл» әдістерін әзірлеуде

26.05.2023

850



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Болат Кеңесов жетекшілік ететін қазақстандық зерттеушілер компьютерлік модельдеу арқылы қатты фазалық микроэкстракция негізінде экологиялық талдаудың тиімді әдістерін жасауда. 

Климаттың өзгеруімен күресу және қоршаған ортаны қорғау арқылы тұрақты даму мақсаттарына жетуге арналған БҰҰ-ның барлық елдерге қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта БҰҰ-ның ағымдағы күн тәртібін қолдайтын барлық елдер, соның ішінде кедей, бай, қалыпты дамыған мемлекеттер белсенді түрде жұмыс істеуі қажет. 

Қазақстанда экологиялық проблемалар қазірдің өзінде адам денсаулығы мен әл-ауқатына ғана емес, жалпы экономиканың тиімділігіне де кері әсерін тигізуде. Бұл әсіресе ауаның қатты ластануы тіркелген ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы бүгінгі күннің өткір мәселесі. 

Атмосфераның газ тәріздес, сұйық және тіпті қатты заттардың ластануына сезімтал екені белгілі. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Қазақстандағы қазіргі экологиялық мониторинг жүйесі негізінде елдегі қоршаған ортаның ластануы туралы деректердің тым шектеулі екенін атап өтті. Зерттеушілердің пікірінше, Қазақстандағы экологиялық мониторингтің тиімсіз болуының негізгі себептерінің бірі – бақылаудағы ластаушы заттардың санын, сынама алу нүктелерінің санын және талдау жиілігін шектейтін талдау құнының жоғары болуы.  

ҚазҰУ-дың ғалымдар тобы бұл мәселенің ғылыми негізделген шешімін ұсынады. Қатты фазалық микроэкстракция (ҚФМЭ) әдістерін қолдану көп сатылы талдаулар мен реагенттерді қажет етпейтіндіктен, ең қарапайым әрі үнемді әдіс болып саналады. Сондай-ақ, ол үлгіні дайындаудың «жасыл» әдісі болып саналады. 

Бұл ғылыми жобадағы алға қойылған мақсат компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, қатты фазалы микроэкстракция негізінде қоршаған орта объектілерін талдау әдістерін әзірлеу тиімділігін арттыру болып отыр. Зерттеушілер газ хроматографиясы, масс-спектрометрия, қатты фазалы микроэкстракция, COMSOL Multiphysics®соңғы элементтер әдісін қолданады. 

Әзірленген модельдер анықтау шектерін азайту, талдау уақытын қысқарту және дәлдікті арттыру мақсатында талдау әдістерін әзірлеу кезінде қатты фазалы микроэкстракция параметрлерін оңтайландыру үшін ұсынылады. Отандық ғалымдар ұсынған бұл әдістер қатты фазалы микроэкстракция негізінде талдаудың жаңа әдістерін әзірлеу шығындарын айтарлықтай төмендендетпек. 

Жоба аясында отандық ғалымдар ауадан, судан және топырақтан ұшпалы органикалық қосылыстардың қатты фазалы микроэкстракциясының жаңа компьютерлік модельдерін әзірледі. 

https://nauka.kz/page.php?page_id=1001&lang=1&news_id=9852&new

«« | »»
Соңғы жаңалықтар