Анонс

15-ші Халықаралық Фараби фестиваліне шақырады 


Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, 15-ші Халықаралық Фараби фестиваліне қатысу үшін зерттеушілер, ғалымдар және жазушылар 2023 жылғы 21 қарашаға дейін дайын жұмыстарын (2020 жылғы 20 наурыздан 2023 жылғы 20 наурызға дейін жарияланған гуманитарлық ғылымдар бойынша кітаптар, ғылыми жобалар, магистрлік диссертациялар және мақалалар) фестиваль хатшылығына (farabiaward.ir) тіркей алады.
Қатысушылар екі санатқа бөлінеді 35 жасқа дейінгілер және 35 жастан кейінгілер. Үздік жұмыстар марапатталады.