Өзектi

Туризм жайында ғылыми мақала жазып, жоғары сілтемеге ие болған жас ғалым

06.11.2017

5274

«ҰМҒТСО» АҚ мен Clarivate Analytics компаниясы жыл сайын шетелдің импакт-факторы жоғары журналдарына ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған ғалымдарды марапаттауды дәстүрге айналдырығаны белгілі. Биыл да тараптар қалыптасқан дәстүр бұзбай «Ғылым лидері – 2017» байқауы аясында үздік ғалымдарды 8 қараша күні марапаттамақшы. Осы айтулы шара қарсаңында ғылыми мақаласы жоғары сілтемеге ие болып, үздік деп танылған жас ғалым – Ғалымжан Сейловпен жолығып, сұхбаттасудың сәті түсті.

– Ғалеке, ғылыми мақалаңыз жоғары сілтемеге ие болып, үздіктердің қатарынан көрініп жатқаныңызды естіп қуанып жатырмыз. Сіздің осындай биік деңгейге көтерген ғылыми мақалаңызды шетелдің импакт-факторлық көрсеткіші жоғары журналына қалай жарияладыңыз?
– «ҰМҒТСО» АҚ мен Clarivate Analytics компаниясы ұйымдастырған «Ғылым лидері – 2017» байқауында үздіктердің қатарынан көрінуім мен үшін үлкен қуаныш, бақыт десем болады. Мен бұл мақаланы осыдан 6 жыл бұрын Л.Гумилев ЕҰУ-дің «Туризм» кафедерасында PhD диссертациямыды қорғап жүргенде жазған едім. Жалпы мақаланы жазуға 2 жыл уақытым кетті. Ғылым мақала туризм менеджментіне арналған. Қазақстан мен Орталық Азиядағы туризим саласын әбден зерттеп жазған мақаламды туризим менеджменті саласы бойынша дүниежүзі бойынша екінші орында тұрған «International Journal of Contemporary Hospitality management» журналына (импакт-факторлық көрсеткіші 3.196) ұсындым. Бұдан кейін ғылыми журналдың редакторлары менің мақаламен жан-жақты танысып, жариялады. Бүгінде сол мақала жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болып, үлкен қуаныш сыйлап отыр.


– Біз сізді ғылымға бас қойған жастардың бірі деп есептейміз. Бұған дейінде ғылыми жұмыстарыңыз ғылыми орта тарапынан жоғары бағаға ие болды ма?
– Иә, ғылыми жұмыстармен айналысып, ізденіс жолында жүргеніме біраз уақыт болды. Ең алғаш жүлдені 2013 жылы Түркияның Кипр қаласында өткен Сервис менеджменті халықаралық конференциясында бизнес саласын жан-жақты зерттеп жүрген ағылшын белді ғалымы, профессоры Марк Саундерстің қолынан алған едім.
– Қазір мемлекетеміз жастардың шетелде білім алып, тағалымдамадан өтуіне барынша көңіл бөліп отыр ғой. Осы мүмкіндікті пайдалана алдыңыз ба?
– Әрине. Бұл бастама қазақ жастарының ғылымға деген қызығушылығын оятты деп есептеймін. PhD доктарантураны оқып жүргенде шетелдік ғылыми кеңесшіңді өзің таңдауға тиіссің. Содан ғаламторды ақтарып туризм бизнесі бойынша танымал ғалымдарға маған кеңесші болу турасында хат жаздым. Қателеспесем хат жазған ғалымдардың саны 50-ге жетті. Олардың арасында бизнес саласы бойынша үлкен зерттеумен айналысқан Дэвид Аакер де болды. Бірақ ұсыныс хат жазғаннан кейін алғашқы минутта Оксфорд Брукс университетінің профессоры Левент Алтынай менің ұсынысымды қабылдады. Осы кеңесшімнен көп нәрсені үйрендім. Ол кісі көптеген ғылыми мақалалар мен кітаптарды авторы. Шетелдегі өте сыйлы ғалымдардың бірі.
– Менің білуімше, сіздің ғылыми жұмысыңыз туризм саласында шағын және орта бизнесті дамытудың мәселелеріне бағытталған ғой?
– Дұрыс айтасыз. Туризм саласы дамыған елдердің іс-тәжірибесін зерттегенде шағын бизнес туризмнің дамуына орасан зор пайдасын тигізгенін байқадым. Мен өзімнің ғылыми жұмысымда заманауи туризм саласында пайда болған үрдістерді Қазақстанның жағдайында қалай пайдалануға болатына баса мән бердім. Зерттеу барысында туризм саласы өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашуға, халықтың әл-ауқатының көтеруге қыл аяғы елдің экономикасын әртараптандыруға және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуда маңызды роль атқаратына көзім жете түсті. Сондықтан осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымды жүргізіп келемін. Өз басым туризмді дамытуда Қазақстанның мүмкіндігі өте зор деп есептемін. Бұл бағытта замнауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын басшылаққа алып туризм саласын дамытатын болсақ, көптеген жетістіктерге жетеміз.

Сұхбаттасқан Нұрлан Жұмахан,
«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар