Өзектi

Гранттық қаржыландыруға өтінім тапсырғанда жиі қойылатын сұрақтарға жауап

21.08.2017

5657

Сұрақ: Жасалатын сұраныстардың көлемі туралы

Жауап: Жеке тұлға (зерттеу тобының мүшелерінен), сондай-ақ, ұйымдардың бастықтары:
- Орындаушы ретінде бір жобадан артық емес, және де жетекші ретінде екі жобадан артық емес конкурсқа қатысуға сұраным жасауға құқылы, немесе, бір жобаның ғылыми жетекшісі ретінде, және екі жобадан артық емес орындаушы ретінде конкурсқа қатысуға сұраным жасауға құқылы.
- Сонымен бірге, конкурстың қорытындысына сәйкес бір жобадан артық емес ғылыми жетекшісі ретінде, немесе бір жобадан артық емес орындаушы ретінде болуға құқылы.
2. Жеке тұлға (зерттеу тобының мүшелерінен), конкурстың ғылыми жетекшісі болмаған жағдайда, үш жобадан артық емес орындаушы ретінде конкурсқа қатысуға сұраным жасауға құқылы. Сонымен бірге, конкурстың қорытындысына сәйкес екі жобадан артық емес жетекші ретінде болуы мүмкін.

Сұрақ: Жеке тіркеу нөмірін алу туралы (ЖТН)

Жауап: Жеке тіркеу нөмірін алу үшін (бұдан әрі қарай - ЖТН), жобаның ғылыми жетекшісі және зерттеушілер тобының барлық мүшелері «ҰМҒТСО» АҚ-ның (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі қарай – АЖ) тіркелуі тиіс. Ақпараттық жүйеде тек ғылыми жетекші ғана сұраным жасай алады. Ол үшін, ақпараттық жүйе аяларын толтырып, келесі құжаттардың электрондық нұсқаларын бекітіңіз:
1) Мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ілеспе хат;
2)Ұсынылған жобаның ақпаратының анықтығын дәлелдейтін, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған өтінім;
3) Үш тілде жазылған жобаның қосымша сипаттамасы;
4) Үш тілде жазылған конкурсқа қатысуға өтінім;
5) Өтінім берушінің аккредитацияның сканерленген куәлігі;
6) Этикалық сұрақтар бойынша орталық немесе жергілікті комиссияның оң тұжырымы (адамдар мен жануарлардың биомедициналық зерттеулері үшін);
7) Бірлесіп қаржыландыруды қатыстыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда);

Сондай-ақ, зерттеушілер тобының барлық мүшелері жобада қатысуды ақпараттық жүйе арқылы растау тиіс.
Содан соң, «Өтінім жасау» пернесін басыңыз. Одан кейін ақпараттық жүйе автоматты түрде өтінімге ЖТН тіркейді.
ЖТН-ды алғаннан кейін, ақпараттық жүйеде бекітілген барлық құжаттарды басып шығару керек. ЖТН (қолмен немесе басып шығару арқылы) өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде ғана қойылады. Ақпараттық жүйедегі бекітілген файлдарда (өтінімдер, ілеспе хаттар) ЖТН қойылмайды. Жүйемен жұмыс істеу нұсқаулығын ақпараттық жүйеден(is.ncste.kz) немесе «ҰМҒТСО» АҚ-ның сайтынан(www. ncste.kz) жүктейаласыз.

Сұрақ: Ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар туралы

Жауап: Қоғамдық, гуманитарлық, ауыл шаруашылық, мал дәрігерлік салалардағы ғылыми зерттеушілерге қойылатын, рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда, нөлдік емес импакт-факторы бар жарияланым болу керек туралы талапты келесідей түсінуге болады:
Басылымның деректері Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, сондай-ақ басқа да жақын және алыс шетелдердің нөлдік емес импакт-факторы бар библиографиялық қорларында индекстелген болу мүмкін. Осы журналдар Scopus және WebofScience дерекқорларына кірмеуі мүмкін.
Сонымен қатар, осы талаптың қойылуы, 2015-2017 жылдарда аяқталатын ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларға бойынша, конкурстық құжаттамаға сәйкес, орындаушылар келесі салаларда,нөлдік емес импакт-факторы баршетелдік басылымдарда жарияланым жасауы тиістілігімен байланысты: гранттық жобалар бойынша: 2 кем емес ғылыми жарияланым, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру программалары бойынша: 5 кем емес ғылыми жарияланым.

Сұрақ: Scopus және WebofScience дерекқорларына қандай журналдар кіреді?
Жауап: Scopus дерекқорының журналдарының толық тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз: http://www.scimagojr.com/
WebofScienceдерекқорының журналдарының толық тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз:http://ip-science.thomsonreuters.com/mjl/

Сұрақ: Қазақстан Республикасының резиденті кім?
Жауап: Осы сұрақ бойынша,Салық Кодексінің 189 бабы, Қазақстан Республикасының «Резиденттері», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңды негізге алу кажет.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар