Өзектi

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары 2016 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері атанды

06.12.2016

6025

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2016 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлерін құттықтайды.
«Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы бұйрығына сәйкес атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері атанды:
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық – ф.-м.ғ.д., профессор, жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі Р.Қ. Мырзақұлов.
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық – фил.ғ.к., жалпы тіл білімі мен аударма теориясы кафедрасының доценті М.Ә. Бөрібаева.
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық – ф.-м.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі М.В. Здоровец.
- Мемлекеттік ғылыми стипендия - ф.-м.ғ.д., іргелі математика кафедрасының профессоры Қ.Н. Оспанов.
- Мемлекеттік ғылыми стипендия - ф.-м.ғ.д., профессор, Радиофизика және электроника ҒЗИ жетекшісі С.С. Сауытбеков.
ҚР БҒМ жариялаған 2016 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия мен атаулы сыйлыққа іздену үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ атынан байқауға барлығы 74 ғалым қатысты. Олардың ішінде 15 өтінім атаулы сыйлыққа, 31- ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқаны үшін мемлекеттік ғылыми стипендияға, 28 – дарынды жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендиялар.
Атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияға байқау ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2016 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған болатын.
Еске сала кетейік, мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге, ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда отыз бес жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға беріледі.
«2016 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар