Өзектi

Дүниежүзілік банк Қазақстанның инновацияларды дамыту саласына қаражат бөледі

16.08.2016

5292

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк коммерциаландыру жүйесі арқылы тиімді инновацияларды ынталандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруды бастады.

«Біз Қазақстанның ғылым мен ұлттық инновациялар жүйесін дамытуға жеке секторды тартудамыз. Жоба міндеті еліміз үшін өзекті, өте тиімді зерттеулерді жүргізуге ынталандыру, баламасы жоқ жобалар мен стартаптарды қолдау арқылы технологияларды коммерцияландыру. Жүзеге асыру мерзімі - 5 жыл. Биылдан бастап, 2020 жылға дейін», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы жобаны іске асырудың бірінші кезеңі басталады. Онда өздерінің ғылыми жаңалықтарын алып келген топтар мен ғылыми ұжым арасында гранттық қаржыландыруға байқау өткізу көзделуде. Бұл жоба бойынша, құжаттар мен өтініштер 31 желтоқсанға дейін қабылданады.

Атап айтқанда, гранттар жаңа технологияларды өндіріске енгізу үшін, кейін оны нарыққа коммерцияландыру мақсатында өндірістік зерттеу және әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыруға ниет білдірген дарынды жас ғалымдар мен қазақстандық жетекші ғалымдарға, бизнесмендерге берілетін болады.

«Грант үш жылға беріледі. Гранттың ең көп мөлшері аға зерттеушілер топтары үшін: 230 млн теңгені, кіші зерттеушілер топтары үшін: 180 млн теңгені құрайды», - деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар