Өзектi

Ғалымдар: 2036 жылға қарай сары ауру жер бетінен жойылады

06.08.2014

8430

Америкалық ғалымдар 22 жылдан кейін С гепатиті өте сирек кездесетін аурулардың қатарына қосылады деп есептейді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғалымдар Annals of Internal Medicine басылымында жариялады.

Болашақта бұл дерттің қан арқылы тарауы орын алмауы керек. Оның үстіне скринингтің арқасында аталмыш ауру түрі 2036 жылы жойылып кетуі керек.

Әзірше статистикалық деректер көңіл көншітпейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, дәл осы С гепатиті бауырдың қатерлі ісігіне алып келетін «алғышарт» болып отыр. Қазіргі таңда әлемнің 150 млн. адамы осы дертпен күресіп келеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар