Әлемдегі ғылым

Ғалымдар су астындағы өсімдіктерді қалпына келтіруде

06.06.2023

632



10 жыл бойы еңбектенген ғалымдар су астындағы бүлінген орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бұл қадам климаттың өзгеруі мен адам әсерінен зардап шеккен басқа да су асты ормандарын қайтаруға үміт беруде. 

Зерттеушілердің айтуынша, макробалдырлар дүние жүзіндегі жағалау сызығының үштен бірінен астамында кездеседі және бүкіл экожүйелердің негізі болып табылады. 
2011 жылы Менорка штатындағы Мао шығанағында су асты өсімдіктерін қалпына келтіру іс-шарасы өтті. Отырғызылған макробалдырлар орнығып, жаңа жерді жерсінген. 

Ғалымдар экожүйені қалпына келтіру үшін теңіз балдырларының ішіндегі ең маңызды түрі Gongolaria barbata өсетін бес елді мекенін зерттеген. Балдырдың бұл түрі су асты орманын қалыптастыратын өсімдік. Олар жарық пен су ағынын өзгерту арқылы жергілікті ортаға әсер етеді. Қоршаған ортадағы бұл өзгерістер басқа түрлердің пайда болуына септесіп, экологиялық ортаны құрайды.  

Ғалымдар экожүйенің жағдайын түзейді деген бірнеше үлгіні алу арқылы  қалпына келтірілген орманның қызметін өлшеуге тырысты. Олар үлгілердің өлшемі, олардың ұзақ өмір сүруі немесе баяу өсетін түріне қарай 14 белгі қатарына талдау жасады. 


https://interestingengineering.com/science/scientists-successful-at-recovering-underwater-forestry 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар