Әлемдегі ғылым

Зерттеулер ауаның ластануынан балалардың өлі туылатынын анықтаған

21.12.2022

1033

Жыл сайын дүние жүзінде екі миллионға жуық жүктілік өлі туумен аяқталады. Құрсақтағы өлімнің себептері әртүрлі. Мысалы, аналық гипертензиядан ұрықтың ауытқуларына, туудың асқынуларына және плацентарлы даму ақауларына дейін алып келеді екен. Бұл жағдай көбінесе табысы төмен және орташа елдерде жиі кездеседі. Басты себебі – ауаның ластануы.
Зерттеушілер алғаш рет дүние жүзінде ауаның ластануынан өлі туылған нәрестелердің үлесін есептеді. Бұрын жиналған деректерді және 137 елде бар зерттеулерді қайта көтеріп, бұл елдерде жыл сайын шамамен 830 000 өлі туу ұсақ бөлшектердің ластануының (40%) әсерінен болатынын анықтады.

Ауаның әр текше метріне PM2.5 деп аталатын бөлшектердің әрбір 10 микрограмы өлі туу қаупін 11%-ға арттырады екен. Жас аналарға қарағанда егде жастағы әйелдер көп зардап шегеді. Бұл бөлшектер көмір мен мазуттың жануынан, көлік шығарындыларынан және орман өрттері сияқты табиғи көздерден бөлінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы PM2.5 үшін эталондық деңгейді (немесе максималды қауіпсіз әсер етуді) бір текше метр ауаға бес микрограмм деп белгіледі. Бұл деңгейден жоғары бөлшектер демікпе, жүрек ауруы және мезгілсіз өлімге әкелуі мүмкін. PM2.5 орташа жаһандық концентрациясы бір текше метрге 46 микрограмм деңгейде.

Зерттеу үшін ғалымдар денсаулық сақтауды зерттеу департаментінің (DHS) деректеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі өлі туулардың 98%-ын құрайтын табысы төмен және орташа 137 елді таңдады. Содан кейін олар өлім-жітім көрсеткіштерін ДДҰ-ның басқа деректерімен салыстырып, осы елдердің әрқайсысында PM2.5 ластануының ауырлығын егжей-тегжейлі көрсетті.

Сол мемлекеттердің ішінде Үндістан қатты зардап шеккенін анықтаған. Ол елде жыл сайынғы 217 000 өлі бала (25 миллион тірі туылған нәрестеден) және PM2.5 концентрациясы бір текше метр ауаға 60,15 микрограммнан келген. Бұл ДДҰ белгілеген ұсынылған деңгейден 12 есе жоғары.

Екінші орындағы Пәкістан жылына 110 000 өлі туумен (алты миллион тірі туылған нәрестеден) және 63,16 микрограмм ластанған. Зерттеудің алғашқы ондығына енген басқа елдер: Нигерия (10,6 миллион тірі туылған нәрестенің 93 мыңы және 69,66 микрограмм), Қытай (64 000 өлі туылған, 10,6 миллион тірі туған және 51,11 микрограмм).

https://www.nature.com/articles/s41467-022-34250-4?utm_medium=affiliate&utm_source=commission_junction&utm_campaign=CONR_PF018_ECOM_GL_PHSS_ALWYS_DEEPLINK&utm_content=textlink&utm_term=PID100085446&CJEVENT=51765d6f717511ed82780b3f0a82b838


«« | »»
Соңғы жаңалықтар