1. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету, атап айтқанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды орналастыру, жеткізушілермен шарттар жасасу, ай сайынғы негізде шарттар тізілімін қалыптастыру, шарттардың уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 2. Бөлімнің қызметі бөлігінде мемлекеттік уәкілетті органдармен іскерлік хат алмасуды жүргізу. 3. Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізу. 4. Мемлекеттік сатып алу сайттарына өтінімдер орналастыру. 5. Жоспарлау (жылдық жоспарды бекіту, жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу); 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алудың ресми электрондық порталында жұмыс жүргізу. 7. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің (бұдан әрі-ТЖҚ) саны мен сапасына бақылауды жүзеге асыру. 8. Электрондық мемлекеттік сатып алу порталының модераторымен ақпаратты уақтылы енгізуді және өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. 9. Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды ресімдеу, келісу және бекітуге дайындау. 10. Жеткізушілерге (мердігерлерге, орындаушыларға) қойылатын талаптар бойынша материалдар дайындау, олармен жасалған шарттардың талаптарын өзгертуді келісу; 11. Конкурс бойынша шарттарға қол қою, сапа бақылауын жүргізу және шарттардың уақтылы орындалуын жүзеге асыру. 12. Бөгде ұйымдардың сатып алуына қатысу бойынша жұмыстарды жүргізу. 13. ТЖҚ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуына ай сайынғы талдауды жүргізу және бақылауды жүзеге асыру; 14. Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдылары. |