Ахмет Байтұрсынұлы

лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының

және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби

мен емле реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары 21-28 тамыз аралығында «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» (AP13068356) атты мемлекеттік грант зерттеуі бойынша жүргізілген архивтік зерттеу нәтижесінде Баку қаласындағы «Әзірбайжан Республикасының Ұлттық архив мекемесінен» көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби мен емле реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, қазақтың алғашқы білім министрі, ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт Ұстазы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ видеосын тапты.
8 минуттық бейнежазбада Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді.

ҒЗИ баспасөз қызметі.