Өзектi

28.10.2020

4340

ҰҒК-ның жаңа құрамдары төмендегідей 5 басым бағыт бойынша қалыптастырылды:

1) «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология»;

2) «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»;

3) «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар»;

4) «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер»;

5) «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ереженің 6-тармағына сәйкес кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Ереженің 8-тармағына сәйкес қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу өзінен өзі дәйексөз алу есепке алынбаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы олардың жарияланымдарынан дәйексөздердің алыну саны бойынша сараланған тізімнің негізінде жүргізілді.

Бұл ретте, Ереженің 11-тармағына сәйкес әрбір кеңестің құрамына:

- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;

- әрбір кеңес үшін аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бір қызметкерден артық кірмеу талаптары сақталды.

ҰҒК қалыптастыру процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында 5 бағыт бойынша ҰҒК құрамының жобасы орналастырылды.

ҰҒК құрамының жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды а.ж. 3 қарашасына дейін s.azambaev@edu.gov.kz электрондық мекен жайына жолдауға болады. тел: 74-20-29.

ҰҒК құрамының жобасы

«« | »»
Соңғы жаңалықтар