Өзектi

Ұлттық ғылыми кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері

11.09.2020

3414

2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамасымен 2021 – 2023 жылдарға арналған ғылымды дамытудың 10 басым бағыты бекітілді:

  • «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология»;
  • «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»;
  • «Энергетика және машина жасау» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
  • «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар»;
  • «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер»;
  • «Өмір және денсаулық туралы ғылым»;
  • «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер»;
  • «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер»;
  • «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі»;
  • «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс».

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 469 қаулысына сәйкес жоғарыда көрсетілген ғылымды дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған 10 басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестердің жаңа тізбесі бекітілді. Оның ішінде 5 басым бағыт пен ҰҒК бұрыңғы редакцияда қалды. Ендігі кезекте өзгертілген 5 басым бағыттар бойынша ҰҒК-ның жаңа құрамдары қалыптастырылуы тиіс:

1) «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология»;

2) «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»;

3) «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар»;

4) «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер»;

5) «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер».

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынған ҰҒК құрамына кандидаттардың тізімдерін жариялайды.

Ұсынылған кандидаттар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды а.ж. 20 қыркүйегіне дейін s.azambaev@edu.gov.kz электрондық мекен-жайына жолдауға болады. тел: 74-20-29

Списки кандидатов НИИ и ВУЗЫ.xlsx

Списки кандидатов ГО Бизнес Нац компании.xlsx

«« | »»
Соңғы жаңалықтар