Өзектi

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды атап өтті

14.04.2020

4319

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялап, әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауда.
Жақында Ресей телеканалында тікелей эфирге шыққан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі өкілі Милита Войнович короновирусқа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар бойынша Қазақстанды жоғары бағалады. Ол пандемиямен күрес барысында Нұр-Сұлтан қаласынан үлгі алу керектігін, бұл қаланың екі аптаның ішінде ғана эпидемия қатерін азайтып, басқа фазасына өткенін тілге тиек етті. «Нұр-Сұлтанда өзін-өзі оқшаулау индексі 4,5 балды құрайды, ал Мәскеуде ол ешқашан 3,5 балдан аспаған», - деді ДДСҰ өкілі.
«« | »»
Соңғы жаңалықтар