Өзектi

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы

27.06.2019

5016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Конкурстық құжаттаманы осы жерден жүктеңіз.
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Елшибеков Ренат, тел. 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін, тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-20-29, 74-24-68, келісім-шарт жобасы бойынша – Ибрашева Бақытгуль, тел. 8 (7172) 74-24-67. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі, https://is.ncste.kz сілтеме арқылы.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кеш емес.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар