Бұл ұсынымның мақсаты Қазақстанның ғылыми журналдарының деңгейін қазақстандық ғылымды дамытуға септесетін және Қазақстан журналдарының Web of Science Core Collection халықаралық дерекқорына қатысуын кеңейтуге мүмкіндік беретін мерзімдік ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарына дейін көтерудің маңызы зор. Осы ретте еліміздегі Clarivate Analytics компаниясының өкілі Ләзиза Мұқашеваның Webof Science Core Collection дерекқорынаның талаптарына сай ғылыми журналдар шығарудың маңызы жайында ойын ортаға салды.
Ғылыми журналдарға арналған негізгі ұсыныстар
Web of Science Core Collection дерекқорына таңдау өлшемдері мен ғылыми журналдарды шығарудың халықаралық тәжірибесінің үздік стандарттары төмендегідей;
1. Журналда ISSN халықаралық стандарттық сериялық нөмірінің болуы (журналдың басылған және онлайн түріне ISSN халықаралық агенттігі немесе оның өкілдері береді) және ISSN журналдың сайтында және басылған түрінде міндетті түрде болуы тиіс.
2. Журналдың шығу мерзімі белгіленіп, бұл мерзімді қатаң сақтау маңызды.
3. Халықаралық ғылыми қауымдастықтағы қызықты әрі талап етілетін тақырыптардың (мамандану) болуы. Нақты ғылыми мамандандырылған журналдардың өз артықшылығы бар. Ерекешелік – журналдың атынан, оның сипаттамасы және жарияланған мақалаларынан байқалып тұруы керек.
4. Редакциялық алқаның халықаралық құрамы. Редакциялық алқа туралы ақпарат журналдың веб-сайтында тұруы шарт. Журналдың редакциялық алқа мүшелерінің басым бөлігі бір ғылыми мекеме мен оқу орындарынан болмауы керек.
5. Редакция алқасы авторлар және рецензенттермен қарым-қатынаста халықаралық этикалық нормаларды қатаң сақтауы маңызды. Ол да журналдың веб-сайтында көрсетілуі керек.
6. Жарияланатын барлық материалдарға ғылыми пікір (рецензия) жазылуы тиіс (peerreview). Осы саланың маманы болып табылатын, жұмыс авторларының мүддесіне дауы жоқ, кем дегенде екі рецензентті тарту ұсынылады. Рецензенттердің қорытындысы негізінде редакция алқасы ұсынылған материалдарды жариялау немесе кері қайтару туралы шешім қабылдайды. Пікір жазу үрдісі, жарияланымды өңдеуге берілетін уақыты және мерзімі журналдың веб-сайтында авторларға арналған ережелерде көрсетілуі қажет.
7. Редакция алқасы мақалалардың сапасына баса назар аударып, әр түрлі ұйымдар мен мемлекеттерде жұмыс істейтін мамандардың мақаласын жариялауы маңызды. Авторлардың географиясының кеңдігі табысты журналдың маңызды сипаттамасы болып табылады және ғылыми дәйексөздердің халықаралық дерекқорында индекстеу үшін оны таңдау барысында жекеше сипатталады.
8. Журналдың тақырыбы, мерзімділігі, редакциялық алқа құрамы, жарияланымдарды немесе жарияланған материалдардың бөлігін әрі қарай пайдаланудың құқықтық аспектілері көрсетілген авторларға арналған ережелер туралы ақпараты бар өз веб-сайты болуы орналастуы керек. Сонымен қатар, веб-сайтта журналды шығаратын баспаның немесе ұйымның заңды мекен-жайы мен байланыс ақпараттары анық көрсетілуі тиіс.
9. Веб-сайтта журналдың оның соңғы шығарылымдарын уақытында қосып отыратын нөмірлер мұрағаты болуы шарт. Басылым мұрағатын жылына, томдары және нөмірлеріне қарай бөліп көрсету ұсынылған. Мақалалардың толық мәтінін PDF немесе HTML форматында қарау мүмкіндігінің болғаны ләзім. Мақалалардың толық мәтініне қолжетімділік ашық та (open access), жабық та (ақылы) болуы мүмкін.
10. Әрбір мақалада мақаланың атын, авторлар тізімін және олардың аффилиациясын (жұмыс орындарының), мазмұнды аңдатпасын (абстракт) және түйінді сөздер тізімін қоса алғандағы толық библиографиялық ақпараты болуы қажет. Сонымен қатар, латын транскрипциясымен мақалаға қатысты толық әдебиеттер тізімі болуы тиіс (егер дәйексөз алынған дереккөздің ағылшын тіліндегі түпнұсқалық атауы болмаса, онда аударманың орнына транслитерацияны қолдануға болады).
Ғылыми журналдың баспалық модельдері (дәстүрлі және ашық қолжетімділік)
Clarivate Analytics компаниясы журналдың ақпараттары жазылым бойынша қолжетімді болғандықтан дәстүрлі модельді де, журналдың барлық немесе кейбір мақалаларын оқуға болатын ашық және гибридті модельдерді де ұстанады. Ашық қолжетімділік моделін пайдалану барысында журналға мақаласы жарияланған авторлардан көбінесе авторлық жарна төлеу талап етіледі (яғни мақаланы жариялау ақылы түрде болады). Ондай жағдайда журналдың авторлармен қарым-қатынасында этиканың сақталуы, мақалалар болса журналды және ғылыми саланыдамыту үшін таңдалып алынуы маңызды.
Clarivate Analytics компаниясы негізінен ғылыми ақпаратты кеңінен таратуға септесетін болғандықтан және ғылыми қауымдастық үшін шығынды азайтып ашық қолжетімділік моделін ұстанады. Дегенмен, кейбір ашық қолжетімділік моделін ұстанатын журналдардың авторлардан мақаласын жариялағаны үшін төлем сұрау мүмкіндігін шектен тыс пайдаланып, «жыртқыш» журналдарға айналатынын айта кеткен жөн.
Жыртқыш журналдардың мақсаты – өзінің ғылыми саласына сапалы жарияланымдарды таңдау емес, жарияланатын мақалардың сапасын еш бақыламастан көбірек пайда табу. Жыртқыш журналдардың басты белгісі сол, оларда мақалаларға ешқандай пікір жазылмайды (авторларға сапалы рецензиялау барысында мүмкін болмайтын «жылдам басуға» сөз береді), түсінікті ғылыми мамандану болмайды, ғалымдарды ақылы түрдегі мақала жариялауға шақыратын спам-таратылымдарымен көбірек көзге түседі. Web of Science Core Collection-тан журнал таңдау кезінде Webof Science редакциялық алқасы ең алдымен жыртқыштық белгілері бар журналдарды алып тастайды.
Журналды дамытуға арналған қосымша ұсынымдар
Web of Science Core Collection дерекқорына журналдық өсу үшін қойылатын талаптардан бөлек, ең үздік деген халықаралық тәжірибе негізінде ғылыми журналды табысты дамытуға арналған қосымша ұсынымдар да төменде берілген.
Редакциялық алқаның мүшесі, автор және рецензент ретінде атақты ғалымдарды тарту халықаралық ғылыми журналдың табыстылығының басты кілті болып табылады. Осы сияқты табыстылықтың бір тәсілі – халықаралық ғылыми жарияланымдардың Web of Science Core Collection дерекқорын пайдалану арқылы автор жарияланымынан алынған дәйексөзге талдау жасау.
Журналды дамыту басымдықтары мен жолдарын анықтау үшін журналдың ғылыми мамандануы саласындағы жариялау алаңына салыстырмалы талдау жасау қажет. Салыстырмалы талдау жасау үшін журналды Web of Science Core Collection дерекқорына таңдалып алынған журналдармен салыстыруға болады. Бұл жерде Journal Citation Reports дерекқорындағы ғылыми журналдың ықпалдылық көрсеткіштеріне, ең алдымен импакт-фактор көрсеткіштеріне баса назараударға жөн.
Журналды дамыту үшін халықаралық авторлар ұжымы жазған мақалаларды тарту маңызды (халықаралық коллаборациямен). Осы сияқты мақалалар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халықаралық коллаборациядағы мақалалардан орта есеппен көбірек дәйексөздер алынатыны дәлелденген.
Қазіргі таңда жетекші халықаралық журналдарға журналдың екі түрі тән: мемлекет тілінде басу (егер оның мемлекеттік тілі ағылшын тілі болмаса) және ағылшын тілінде басу. Егер журналды халықаралық деңгейде дамыту қарастырылса және басып шығарушының тиісті мүмкіндіктері бар болған жағдайда біз журналды ағылшын тілінде басуды ұсынамыз.
Журналдың барлық мақалаларына объектінің сандық идентификаторын пайдалану ұсынылады (DOI, digitalobjectidentifier).
Ғылыми журналды дамытуға арналған қосымша ұсынымдар Қазақстан Республикасындағы ғылыми журналдардың редакторлары үшін Clarivate Analytics компаниясы қызметкерлерінің жыл сайын жүргізетін мамандандырылған семинарлары барысында да қарастырылады.
ЖурналдыWeb of Science Core Collection-ға қосуға өтінім беру тәртібі
Web of Science Core Collection-ға қосуға өтінім берген барлық журналдардың 2015 жылдың аяғынан бастап ең алдымен бұл базаның бірінші сатысына, Emerging Sources Citation Index (ESCI), қосу үшін қарастырылатынына көңіл аударамыз.
Emerging Sources Citation Index Web of Science Core Collection дерекқорының құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ ESCI-ға кіретін журналдарға импакт-фактор көрсеткіші берілмейді.
Егер журналдың дәйексөздер алыну көрсеткіші жоғары болса және халықаралық ғылыми қауымдастық алдында беделі артса, онда кейін оған импакт-фактор берілуі мүмкін. Авторлармен және рецензенттермен қарым-қатынаста этикадан тыс әдістері байқалып жатса немесе журналдың сапасы төмендеп, оған халықаралық ғылыми қауымдастықтың қызығушылығы да азайған жағдайда журнал Web of Science Core Collection-нан шығарылады.
Өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты «Журналдарды таңдау өлшемдері туралы эсседен» ала аласыздар (ағылшын тіліндегі үлгісі https://clarivate.com/essays/journal-selection-process/ сілтемесінде).
Сіз журналды Web of Science редакция алқасына төмендегі электронды үлгіні толтыру арқылы қарауға жібере аласыз:
https://clarivate.com/products/publisher-relations/journals/?utm_source=false&utm_medium=false&utm_campaign=false