Өзектi

«2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған Конкурс қорытындысы туралы» брифинг аңдатпасы

31.01.2018

4617

2018 жыл 1 ақпан, 16:20-да БАҚ өкілдеріне арналған «2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған Конкурс қорытындысы туралы» ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов, «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ вице-президенті Лейла Абубакирова, 7 бағыт бойынша Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) төрағаларының қатысуымен брифинг өтеді.
• Зейнуллин Әбдікәрім, «Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігің бас ғылыми хатшысы, техника ғылымдарының докторы, «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.
• Здоровец Максим, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Энергетика және машина жасау» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.
• Дархан Ахмед-Заки, «Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының Қауымдастығы" заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің профессоры, «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасының орынбасары.
• Әдекенов Серғазы, «Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің академигі, химия ғылымдарының докторы, «Өмір туралы ғылым және денсаулық» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.
• Гамарник Геннадий, «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.
• Нәметов Асқар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, ветеринария ғылымдарының докторы, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.
• Төлембаева Айгүл, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия белгісі жоқ)» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар