Өзектi

ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

23.12.2016

6012

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Химия-биология факультетінің 3-курс студенттері Айгүл Сейсембаева, Ақбота Асанова және Аяулым Батырбек Астана қаласында өткен VII Республикалық «Ғылыми шарайнасы» атты ғылыми жұмыстар сайысында 1-орынға ие болды.

«Конкурс студенттердің арасында ғылыми-зерттеу дағдысын дамытуға, біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Конкурстың басты міндеті студенттердің теориялық және практикалық дайындықтарын қажет етеді, олардың шығармашылық дамуына ықпал ететін ғылымның, техниканың, өндірістің талабына сай біліктілігін жоғарылату. Конкурс қатысушыларының контингенті – орта және жоғары білім беру мекемелерінің студенттері. Көптеген жұмыстың арасынан педагогикалық институт білімгерлерінің жұмыстары әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі атандық», – дейді ғылыми жоба жетекшісі Рустам Үкібаев.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар