Өзектi

Жоламанов Қуандық Досмағанбетұлының 85-жылдығына арналғанреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция

08.11.2016

6552

2016 жылдың 4 қарашасы күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің салтанат залында белгілі ұстаз, ғалым, ЖОО-да білім беруді ұйымдастырудың шебері Жоламанов Қуандық Досмағанбетұлының 85-жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық білім: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті солтүстік өңірдегі 50 жылдық тарихы бар еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі болып саналады. Аталмыш білім ордасында көптеген ғалымдар қажырлы еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиелеуде біраз тер төгуде. Солардың бірегейі, ұлағатты ұстаз, бар саналы өмірін ғылым мен білім саласына арнаған оқу-ағарту ісінің майталманы Қуандық Досмағанбетұлы Жоламанов болды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Жарқынбеков Темірхан Ниязұлы білім ордасының басшысы атынан конференцияға қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Ғылыми шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей мен алыс-жақын шетелдердің ғалымдары қатысып, өз баяндамаларын ортаға салды. Сонымен бірге 100-ден астам ғалымдар мен магистрант, доктаранттардың мақалалары жинақ бетінде жарық көрді.

Шара барысында ғалым-ұстаз, ұзақ жылдар бойы басқарушылық қызмет атқарған білікті басшы Қуандық Досмағанбетұлының өмір жолы мен білім ордасындағы қажырлы еңбектері туралы бейнефильм ұсынылды.

Сонымен қатар бас ғимараттың 2-қабатында «Қ.Д.Жоламановтың жеке тарихи құжаттары» және жаңа педагогикалық кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, білікті ғалым Қуандық Жоламанов атындағы дәрісхананың (Ауд.519) ашылу салтанаты болды.

Дәрісхананың ашылу салтанатының дәстүрлі лента қию рәсімін п.ғ.д. физика және математика кафедрасының профессоры Қайыржан Ғабдоллаұлы Қожабаев пен Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының профессоры Веньямин Яковлевич Беркутский жасады.

Ғылыми іс-шара барысындағы пленарлық мәжілісте келесі баяндамалар оқылды:

Жарқынбеков Темірхан Ниязұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, г.ғ.к.

Баяндама тақырыбы: «Қуандық Досмағанбетұлы Жоламанов – ұстаз, ғалым, ұйымдастырушы».

Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы, ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институтының кафедра меңгерушісі. Алматы қ.

Баяндама тақырыбы: «Көптілді білім берудің тәжірибесі мен мәселелері».

Мовкебаева Зульфия Ахметвалиевна – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық-кеңес беру» ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында инклюзивті білімнің даму болашағы». Алматы қ.

Ільясова Динара Серікқызы, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры, Көкшетау қ.

Баяндама тақырыбы: «Білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде педагогикалық мамандарды даярлау және оқыту».


Дереккөзі: kgu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар