Өзектi

Қазақстанның жаппай жарықдиодты шамдарға көшетін мүмкіндігі зор

05.09.2016

5516

«Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингіне қарасты Физика-техникалық институты ғалымдары Қазақстанның жаппай жарықдиодты шамдарға көшуіне толықтай мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді деп хабарлайлды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Мұндай батыл болжамды физика, математика ғылымдарының докторы, академик С.Ж. Тоқмолдин жасап, өзінің ғылыми жобасы жарықдиодты шамдарды мемлекеттік деңгейде жаппай еңгізуге жол ашатынын алға тартқан.
Жарықдиодты шамдардың күнделікті пайдаланып жүрген шамдарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Мұндай шамдар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтірмейтінімен ерекшеленеді. Сонымен қатар экономикалық тұрғыдан үнемді.
Ғалым өз жобасы мемлекеттік деңгейде қолдау табатын болса, жарықдиодты шамдардың түр-түрін шығара алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда жарықдиодты шамдар жасайтын шикізат қоры жеткілікті. Отандық ғалымдардың дайындағын технологиясы да бар.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар