Өзектi

Астанадағы инженердің өнертабысына Америка қызығушылық танытып отыр

27.07.2016

5689

Астаналық инженердің өнертабысына АҚШ-та үлкен тапсырыс берілді. Бұл туралы Теxнологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі xабарлады.

Агенттіктің xабарлауынша, Евгений Щербатовтың "Мангуст" атты өнертабысы Technation байқауында жеңіске жеткеннен кейін, Қазақстанда ғана емес, шетелде де үлкен қызығушылыққа ие болды.

"Қазіргі уақытта Сан-Францискодан Аутист балалар қауымдастығынан үлкен тапсырыс келіп түсті. Сонымен қатар Қазақстанда "Қазпошта" АҚ өздерінің xаттарын бақылау мақсатында сатып алуды жоспарлауда. Отандық GPS-жүйе елде ғана емес, xалықаралық нарықта да бірегей болып табылады", - делінген xабарламада.

Келтірілген деректер бойынша, жоба құны 18,8 млн. теңгені құрайды. Оның 90%-ын агенттік қаржыландырған.

Барлығы Евгений Щербатовтың қиын өмірлік жағдайға тап болуынан - баласының жоғалып кетуінен кейін басталды. Сол кезде жоба авторы аталмыш құрылғыны ойлап табады. Сонымен қатар жоба авторының айтуынша, трекерді сатып алуға 600-ге тарта ата-ана тапсырыс берген.

«Мангуст» трекері сынбайды, су астында істей береді. Қуаты 20 күнге дейін жетеді әрі қауіпсіз. Мобильді байланысы бар әлемнің кез келген жерінде жұмыс жасай береді. Аса жоғары дәлдігімен ерекшеленеді. Тіпті сауда үйлерінде, жертөлелерде аса дәлдікпен сигнал жібере алады. Оның үстіне оны қолдану өте оңай және мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы. Осы қасиеттерінің арқасында ол әлемдегі басқа баламалардан оқ бойы озық тұр.

"Басқа трекерлердің аккумуляторлары тез отырады, соққы кезінде сынып қалады. Балалар үшін оның мықтылығы маңызды, себебі балалар жүгіреді, құлап қалуы мүмкін. Трекермен бірге толықфункционалды қосымша бар, ол трекердің қайда орналасқандығын табуға мүмкіндік береді", - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар