Өзектi

Шетел ғалымы студенттермен бірігіп Павлодардың 3D картасын жасамақшы

11.07.2016

5614

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен АҚШ-тың Колорадо университетінен келген ғалым Мелинда Лайтури Павлодар қаласының 3D картасын жасамақшы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу орнында география профессоры Мелинда Лайтури жұмыс сапарымен келіп, «Туризм» кафедрасының оқытушылары және жас ғалымдарымен кездескен.

- Біз Павлодар қаласының көліктік-логистикалық хабтары үшін масштабты карталарды құра аламыз. Құрамына қаланың дерекқоры, инфрақұрылымдары енетін карталарды жасау үшін ArcGIS (Open Source) бастапқы ашық кодымен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданып жүрміз. Мұндай өнім Павлодардағы ішкі нарықта ұсынылған өнімдерден әлдеқайда сапалы. Бағдарламалық өнімнің негізгі ерекшеліктерінің бірі - көлемді 3D карта құрылымы. Сондай-ақ, ашық жүйелі код есебімен 3D картографының икемділігі, - дейді Мелинда Лайтури.

Айта кетерлігі, ArcGIS платформасында Павлодардың картографиялық моделіндегі инфрақұрылым элементтерінің қатарына білім беру, басқару, мәдениет салаларын қосуға болады. Бұл жоба әлемнің Эфиопия, Непал, Колумбия, Перу, Украина, Индонезия сынды мемлекеттерінің алты шаһарында іске қосылды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар