Өзектi

Семейлік ғалымдар Калачи ауылындағы «ұйқы ауруын» зерттеуге кірісті

23.05.2016

5626

Семейлік ғалымдар осы жылдың соңында Калачи ауылын жайлаған «ұйқы ауруының» себеп-салдарын жария етеміз деп уәде берді. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.

Құпия індетті жергілікті Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының мамандары зерттеп жатыр. Институт қажетті жабдықтармен қамтылған және онда мобильді радиоэкологиялық зертхана да бар. Қазір мамандар биологиялық материалдарды бақылауға алған. Айта кеткен жөн, бұл індеттің алғашқы белгілері осыдан екі жыл бұрын Ақмола облысында пайда болған еді. Осы уақыт аралығында ауылдың жүздеген тұрғыны «ұйқы ауруына» душар болды.

- Біздің мамандар Калачи ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол уақытта алынған барлық қажетті материалдар өңделіп, талдаудан өтуде. Осының арқасында бұл індеттің себеп-салдарын жыл аяғында жариялауымыз мүмкін, - дейді Радиациялық медицина және экология ҒЗИ директорының орынбасары Талғат Молдағалиев.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар