Өзектi

ЕҰУ ректоры Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасымен марапатталды

15.03.2016

6389

2016 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және отандық білім мен ғылымға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.





Қоғамдағы қайраткерлігі мен білім саласындағы еңбегі тағы да жоғары бағаланған оқу орнының басшысы Ерлан Сыдықовты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осынау наградасымен құттықтай отырып, алдағы уақытта білім, ғылым және шығармашылық еңбектеріне зор табыстар тілейді.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар