Өзектi

Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті

15.03.2016

6050

Жуырда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік педагогтың миссиясы: мәселелері мен стратегиясы» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастырған іс-шараға институттың профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияның мақсаты – білім беру, мәдениет пен толық педагогикалық процестің әлеуметтік қолдау саласындағы әлеуметтік педагогика және инновациялық тәжірибені жаңарту: Қазақстан ғалымдарымен байланыс, ғылым нәтижелерімен тәжірибе алмасу, практикалық инновацияны тәжірибеге енгізу.

Конференция тақырыбы әлеуметтік педагогиканың қазіргі заманғы теориялық және практикалық мәселелеріне бағытталған.

Конференция жұмысы Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің теориялық әдіснамалық және ұйымдастырушылық әдістемелік проблемалары, Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік білім беру және психологиялық қолдауды ұйымдастыру, Әлеуметтік әріптестіктің проблемалары мен перспективалары, Отбасын әлеуметтік қолдау қоғам тұрақтылығының кепілі ретінде және Қоғамның әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуге болашақ мамандардың кәсіби әлеуметтік білімдерін қалыптастыру бағыттарында өрбіді.

Жиын аясында Психология және акмеология кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова, Педагогика және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі Алима Кенжебаева және Әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Гауһар Санай қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелер төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар