Өзектi

Елбасы: Медицина саласындағы қазақстандық ғалымдардың жетістігі батыстың жетістіктерімен пара-пар

15.12.2015

6224

Медицина саласындағы қазақстандық ғалымдардың жетістігі батыстың жетістіктерімен пара-пар. Бүгін Ақордада әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Медицина саласындағы қазақстандық ғалымдардың жетістігі батыстың жетістіктерімен пара-пар. Өздеріңіз де көріп отырғандай, медицина ғылымын, медицинаны елімізде дамытудың нәтижесінде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік алып отырмыз. Кардиология, тірек-қозғалу аппараты және басқа да бағыттарда жетістіктер бар. Солардың арқасында 10 жыл ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 64-тен 72,3 жасқа дейін жоғарылады. Міне бұл маңызды жетістік», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Батпенов, аталған институттың №3 ортапедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Әшімов, институт директорының орынбасарлары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шалғынбай Баймағамбетов, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қуаныш Оспанов, №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алексей Белокобылов, №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерік Раймағамбетов әл-Фараби атындағы сыйлықты алған болатын.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар