Өзектi

Назарбаев университетінің жас ғалымы Homo naledi деп аталатын бұған дейін беймәлім адам түрін ашуға қатысты

17.09.2015

5631

Назарбаев университетінің жас ғалымы Закари Кофрман осыған дейін беймәлім болған Homo naledi деп аталатын адам түрін ашуға қатысты. Қазақстанға қайтып оралған ол бүгін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Оның атап өтуінше, өткен жылы Оңтүстік Африкада «Жаңа туып келе жатқан жұлдыз» деп аталатын үңгірден ежелгі адамның белгісіз түрінің сүйектері табылған. Онда балалардан бастап қарттарға дейінгі 15 индивидуумға тиесілі 1500-ден астам сүйектер табылған. Табылған сүйектерді зерттеуші Ли Бергер ағымдағы жылдың көктемінде фрагменттерді тереңірек зерттеп, талдау үшін «Жаңа туып келе жатқан жұлдыз» деп аталатын семинарға жас ғалымдарды шақырған. Осы хабарландыруды көріп, түйіндемесін жіберген З.Кофман араға біраз уақыт салып, зерттеушілердің сапына қосылған.

«Мен адамның өсуі мен дамуын зерттеумен айналысқандықтан, адам сүйегінің барлық бөліктерімен жұмыс істеуге тура келді. Бірінші күні зертхананы аралап, табылған сүйектерді қарап жүріп мұндайды ешкім әлі көрмегеніне көзім жетті. Бас сүйегі тік жүретін адамдікі сияқты, алайда өлшемі жағынан өте шағын. Homo naledi-дің қайта қалпына келтірілген миының өлшемі қазіргі заманғы адам миының шамамен үштен бірін құрайды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда табылған сүйектердің кейбірі австралопитектердің, ал кейбір бөліктері қазіргі адамның сүйектеріне ұқсайды.

«Бір айға созылған зерттеудің барысында мен негізінде жеткіншектің жамбас сүйектерімен жұмыс істедім. Сонымен қатар тістер мен сүйектердің көптеген үлгілеріне көмілген индивидтер санын анықтауға тырыстым. Нәтижесінде біз Dianaledi камерасында 15 индивид болды деген тұжырымға келдік», - деді З.Кофран.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар