Өзектi

СҚО-да профессор В.Поляков терек бүршіктерінің негізінде жасалған 8 бірегей емдік препарат жасап шығарды

13.05.2015

5556

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Владилен Поляков Солтүстік Қазақстан облысында өсетін терек бүршіктерінің негізінде жасалған 8 бірегей емдік препарат жасап шығарды.
Химия ғылымдары докторының айтуынша, мұның жақсы емдік қасиеттері бар - ол суық тиюде, күйік шалуды емдеуде, стоматологияда қолданылады, сондай-ақ туберкулезге қарсы қолданылатын фитоқабықшалар, сондай-ақ эфир майы да бар.

Осындай емдік препараттың арқасында 46 адам өзінің денсаулығын жақсартты.

«Эфир майы түрлі облыстарда, Алматыдағы туберкулез орталығында зерттелінді. Тамақ булау кезінде бұл май туберкулездің 33 микробактериясына әсер етіп, ауруды 2 айда емдеп шығарады. Науқас адам дертті басқаларға жұқтырмай, өкпедегі жаралар жазылып шығады», - деді біздің тілшімізге берген сұхбатында химия ғылымдарының докторы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Владилен Поляков.

Жасалған барлық препараттардың патенттері бар, алайда қазіргі кезде медицинада кеңінен қолданылып отырған свечалар ғана. Владилен Поляков бұл жобаны алматылық «Қызыл май» фирмасымен бірге іске асырды.

Владилен Поляков ғылыми жұмысқа 35 жылын арнаған. Қазіргі кезде 70 жастағы профессор М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де жұмысын жалғастырып, өскелең ұрпақпен өз тәжірибесімен бөлісуде.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар