Өзектi

Қазақстандық өнертапқыштар ҚР БҒМ грантына 5 мыңнан астам өтінім берді

14.01.2015

6210

Қазақстандық өнертапқыштар ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан мемлекеттік гранттар алуға 5 мыңнан астам өтінім берді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде «Жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

«Білім және ғылым министрлігі биылғы жылға грант жариялады, оған 5 мыңға жуық өтінім қатысады, оның қатысушылары өнертапқыш ғалымдар болмақ», - деді А.Сүлейменов.

Оның айтуынша, Коалиция жанында жұмыс жасайтын шағын энергетика бойынша ғылыми-техникалық кеңес ғалымдары да байқауға қатысуға өтінім берді, оның ішінде кеңес төрағасы, техникалық ғылым докторы Хайролла Байшағыров та бар.

«Атап айтқанда, Байшағыров электр энергиясын шығаратын жел қозғалтқышы бойынша өтінім берді. Осындай жобалар жетерлік. Ақмола облысында тұратын Парфенов 20 жыл бұрын жарық сөнген кезде өзінің технологияларымен, жел станцияларымен үйді энергиямен қамтамасыз еткен», - деп баса айтты ол.

Директордың мәліметінше, қазіргі уақытта коалиция мен серіктестер - қоғамдық ұйымдар «ЭКСПО 2017» онлайн-байқауын жариялады, оған сондай-ақ отандық өнертапқыштар мен ғалымдар қатысады.

«Сонда өз өтінімдерін жіберуге болады, байқау комиссиясы үздік жобаларды іріктейді, «ЭКСПО 2017» алаңында жақсы павильон болады, оған Қазақстаннан жеңімпаздар қатысуы мүмкін», - деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар