Өзектi

Қазақстанның инновациялық ғылыми-техникалық дамуының негізгі үрдістері

12.01.2015

5917

2012 жылдан бастап Қазақстан Бүкіләлемдік банкімен «Технологияны коммерцияландыру» жобасын жүзеге асыруда. 2014 жылғы қарашада қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында Қазақстанда алғашқы рет технологияны коммерцияландыру бойынша халықаралық форум өткізілді. Бұған қоса Қазақстанда технологияны коммерцияландыру бойынша 6 жоба іске асырылуда. Ядролық физика институтының ғылыми қызметкерлері құрған «КазТрек Технолоджи» ЖШС суды тазалау арналған мембраналық сүзгіш ұсақ сериялы өндірісін жасаса, Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары құрған «General Genetics» ЖШС дәрілік препараттардың жеке мөлшерлеуін оңтайлы анықтау бойынша тест-жүйе әзірледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-химиялық талдау әдістері орталығының «AimLab» ЖШС-і жылына 200 тонна көлемінде техникалық көміртек тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін іске қосты. Ал Ақпарат және басқару проблемалары институтының «Uniline Group» ЖШС компаниясы қазақ сөзін синтездеу және айырып тану жүйесін дамыту бойынша жобасын әзірлеп, іске қосты. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғылыми қызметкерлері ұсынған мұнай саласындағы мұнай ұңғымаларын полимерлік толтыру жобасы «Торғай Петролеум» АҚ компаниясының мұнай ұңғымаларында тестілеуден өткізсе, Қазақ-Британ техникалық университетінің зерттеушілері «ҚуатАмлонМұнай» АҚ компаниясының құбырларында ірі өндірістік магниттерді қолдану технологиясын тестілеуден өткізді. Ал 2014 жылдың маусымында Назарбаев университетінде халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың ашылу рәсімі өтті. Онда қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 млн АҚШ долларын құрайтын 10 қазақстандық жоба іске асырылуда. Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң жобасын әзірледі.

Дереккөзі: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар