Өзектi

Ғылым саласындағы әріптестік пен мәдени байланыстарды нығайтуға шақырамын –Эскишехир губернаторы

14.10.2014

7867

Оңтүстікқазақстандықтарды экономикалық байланыстардан бөлек білім, ғылым саласындағы әріптестік пен мәдени байланыстарды нығайтуға шақырамын. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен Түркия Республикасы Эскишехир провинциясының губернаторы Гюнгор Азим Туна бастаған ресми делегация өкілдерімен кездесу кезінде губернатор айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаш таныған ел Түркия мемлекеті. Осы жылдар ішінде қос ел арасындағы қарым-қатынас қарқын алды. Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің басшылары көне шаһар Түркістанда жоғары деңгейде кездесу өткізіп, сол кезде жасалған келісімдерге сәйкес үлкен жобалар қолға алынып, іске асуда.

«Сонымен бірге облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен биыл оңтүстікқазақстандық бизнес өкілдері Түркияға сапар шегіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымын өткізді. Нәтижесінде бірнеше жобалар бойынша бірлесе жұмыс атқару жөнінде келісімдерге қол жеткізді», − дейді облыс әкімі.

Ал түркиялық делегацияның жетекшісі Гюнгор Азим Туна екі бауырлас ел арасындағы байланыстар жыл өткен сайын нығайып келе жатқандығын атап өтті.

«Десе де, экономикалық байланыстардан бөлек білім, ғылым саласындағы әріптестік пен мәдени байланыстарды да нығайтуға шақырамын», − деді Эскишехир провинциясының губернаторы.

Дилара РЫСДӘУЛЕТ

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар