Өзектi

ШҚМУ-дың бал желесін өндіруге бағытталған жобасы халықаралық байқаудың финалдық кезеңіне өтті

23.08.2019

4490

Жасыл және таза технологиялар саласындағы таланттарға қолдау көрсетуге бағытталған, «Climate Launchpad» халықаралық байқауының шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасының жобасы жартылай финалға өтті.
Байқауға еліміздің әр түкпірінен жиналған байқауға қатысушылар ClimateLaucnhpad тренері Елена Месьюдің қатысуымен өткен тренингке қатысты.
Жалпы 80 жобаның тек 12-сі жартылай финалға өтті. Оның ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасының жобасы да бар.
Аталған жоба бал желесін өндіруге бағытталған. Бірегей өнім адам ағзасынан зиян заттарды шығарып, иммунитетті көтереді.
Келесі Follow-up кезеңінде, қатысушылар байқаудың ұлттық финалына дайындалады, жеңімпаз Амстердамда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз!


Источник: vkgu.kz


«« | »»
Соңғы жаңалықтар