Өзектi

Ғалымдар қалдық антибиотиктерді пластиналық әдіспен анықтау тәсілін ойлап тапты

06.03.2018

5701

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, в.ғ.д. Н.Б.Сәрсембаева 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми жобасында антибиотиктердің қалдықтар санның мал шаруашылығына әсерін зерттеді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында микроағзалардың коллекциялық штаммын қолдану арқылы биологиялық субстраттардағы (микроағзалардың өсіп-өнетін азығы бар орта) антибиотиктерді пластиналық әдіспен анықтау тәсілі әзірленді.
Сонымен қатар құрамында қалдық антибиотиктер саны бар мал шаруашылығы азықтарындағы ветеринарлық-санитарлық бақылау әдістемесі жетілдірілді, олардың технологиялық өңдеу жолдары ұсынылды.
Жоба бойынша 15 мақала жарық көрген, оның 1-еуі нұсқаулық. Қорғалған құжаттар – 1, ҚР Патенті – 2, патентке ұсыныс – 1.
Зерттеу әдістері «Алель-Агро» АҚ, «Вет-Актив» ЖШС, «ТехноКах ЭЛМИ» ЖШС, К/Х «Алиев» компанияларына қолданысқа енгізілді.
Зерттеу нәтижесі азық өнімдерінің қауіпсіздігін сақтап, адам мен жануарлардың денсаулығына қорғауға бағытталады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар